Данияр Елеусінов – Олимпиада чемпионы

Данияр Елеусінов – Олимпиада чемпионы

Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Данияр Елеусінов Рио Олимпиадасының алтын жүлдегері атанды.

Жартылай финалда маңдайын жарақаттап алған Данияр финалда өзбекстандық боксшы Шахрам Гиясовқа еш мүмкіндік бермеді. Үш төреші де жеңісті отандасымызға берді.

Осылайша, Данияр Елеусінов 69 келі салмақтағы жеңісті дәстүрді сәтті жалғастыра алды.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін Бақтияр Артаев (2004 ж), Бақыт Сәрсекбаев (2008 ж) пен Серік Сәпиев (2012 ж) бұл салмақта топ жарған болатын.

69 келі салмақ дәрежесінде Рио Олимпиадасының қола жүлдесіне маррокалық боксшы Мохаммед Раби мен франциялық Сулейман Сиссоко ие болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или