Василий Левитке Олимпиада «алтынына» берілетін сыйақы табысталады

Василий Левитке Олимпиада «алтынына» берілетін сыйақы табысталады

Рио Олимпиадасында ел қоржынына күміс медаль салған боксшы Василий Левитке 150 мың доллардан бөлек тағы 100 мың доллар сыйақы беріледі. Қазақстанның бокс федерациясы осындай шешім қабылдады. Бұл туралы BNews.kz порталы мәлім етті.

«Қазақстанның бокс федерациясы Василий Левитті Олимпиада медалімен құттықтайды. Боксшының Риодағы жекпе-жектері Василийдің ең белді сарапшылардың жоғары бағасына, бастысы, жанкүйерлердің ыстық ықыласы мен қолдауына лайық екенін көрсетті. Василий Левит федерация мен бапкерлер штабының ғана емес, бүкіл елдің үмітін ақтады», - деп жазады ҚБФ баспасөз қызметі.

«AIBA ережелері бойынша төрешілердің шешіміне нарзылық танытылмайды. Біз, Халықаралық бокс қауымдастығының мүшесі ретінде бұл қағиданы сақтауымыз керек. Қазақстан бокс федерациясы төрешілердің шешімін сыйлайды. Василий Левит финалдық жекпе-жекте тамаша нәтиже көрсетті. Соған қарамастан күміс медаль еншілесе де, ҚБФ президенті Т.Құлыбаевтың шешімімен оған қосымша 100 мың доллар төленеді. Осылайша Левиттің сыйақысы Олимпиада «алтынын» алған боксшыға берілетін сомамен тең болмақ», - деп толықтырды федерациядан.

Естеріңізге салып өтсек, Рио Олимпиадасында 91 келіге дейінгі салмақта сынға түсетін қазақстандық боксшы Василий Левит ел қоржынын «күміспен» толықтырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или