Левит бабында болса, оны ешкім тоқтата алмайды - Виктор Демьяненко

Қазақстан кәсіпқой бокс Федерациясының бұрынғы президенті Виктор Демьяненко ProsportKz.kz тілшісіне кешегі Василий Левиттің жекпе-жегі жайлы айтып берді. Оның мәлімдеуінше, қазақстандық боксшы алтынға лайық болды.

- Виктор Леонидұлы, кешегі Василий Левиттің жекпе-жегі жайлы пікіріңіз қандай? Қазылардың шешімі әділетті болды ма?

- Левитті жақсы түсінемін, Мәскеуде өткен Олимпиада ойындарында меніде солай шалып жыққан болатын. Бірақ оның кешегі өнері тарих бетіне енетіне анық, күміс жүлдесі біз үішн алтынға тең. Төрешілердің шешімі әділетсіз болды. Үшінші мен бірінші раундты Левит басым жеңді.

- Левит кәсіпқой бокста жоғары нәтиже көрсете алады ма?

- Кәсіпқой бокста ол өзін жақсы сезінетін болады. Ол әлемнің жетекші боксшыларын жарыс жолынан шығарды. Левит бабында болғанда, оны ешкім тоқтата алмайды.

- Әуесқой бокстың Олимпиададғы тағдыры жайлы не ойлайсыз?

- Бокс Олимпиада бағдарламасында болуы тиіс. Көптеген жанкүйерлер боксты асыға күтеді. Бұның алдында да осындай күмәнді шешімдер болған. Бокста мұндай жиі кездеседі. Бірақ бұл үшін боксты Олимпиада бағдарламасынан алып тастауға болмайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или