Ресей бапкері Василий Левитке төрешілер тарапынан қиянат жасалғанын мойындады

Ресей бапкері Василий Левитке төрешілер тарапынан қиянат жасалғанын мойындады

Бокстан Ресей құрамасының бапкері Эдуард Кравцов Василий Левит пен Евгений Тищенконың финалдық кездесуіне өз бағасын берді. Бұл туралы Nur.kz порталы мәлім етті.

Аталмыш жекпе-жекте төрешілер қазақстандық боксшының айқын басымдықпен жеңгеніне қарамастан жеңісті Тищенкоға берген болатын.

«Мұнда не айтуға болады? Барлығы да кімнің жеңгенін көрді! Мен әрқашан әділетті төреліктің жағындамын, бапкерлер мен спортшыларды әділ бағалағанын қалаймын. Біз - бапкерлер, бокстың басында тұрғандықтан, Василий мен оның бапкерлеріне және жалпы боксқа жасалған қиянатты көрдік, ондайды қаламаймыз. Бокста болып жатқан мұндай әділетсіздіктер спортты тек ластайды. Өкінішке қарай, бұл әділетсіз өткен жалғыз жекпе-жек емес, мұндай жағдай дәстүрге айналып барады. Біздің боксшы да рингке жеңіс үшін шықты, барын салды. Бірақ, төрешілердің әрекеті үшін ол кінәлі емес», - дейді Кравцов шуға ұласқан жекпе-жек жайлы.

Ал танымал ресейлік промоутер Владимир Хрюнов қазақстандық боксшы Виталий Левиттің шеберлігін жоғары бағалап, оған Вэл Баркер атындағы кубокты беру керек деп санайды. Маманның сөзіне қарағанда, Левит кәсіби боксқа ауысуға толығымен дайын деп жазады Baq.kz.

Айта кетейік, Левиттің жеңілісі Қазақстан қоржынына күміс медаль алып келді. Бүгін жарыс жолына Әділбек Ниязымбетов (81 кг) пен Иван Дычко (+91 кг) шығады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или