«Левитті тонап кетті». Твиттердегі пікірлер

Рио Олимпиадасының финалындағы Василий Левит пен Евгений Тищенко жекпе-жегінің жеңімпазы ресейлік боксшы болды. Бірақ бокс мамандары керісінше пікірде. Назарларыңызға мамандардың Твиттерде осы жекпе-жек туралы жазған кейбір пікірлерін ұсынамыз.

Серхио Мартинес:

«91 келіде финалда қазақстандық жігіт жеңіске жетті деп санаймын».

Лу ДиБелла:

«Менің ойымша, АИБА - мафия. Бұл масқара! Тарихтан солай, енді Риоға да келді».

BBC шолушысы Ben Dirs:

«Егер біреуді бүгін маска киген үш адам тонап кетсе, полицияға хабарласып, оларды бокс аренасына жіберіңдер».

The Associated Press шолушысы Greg Beacham:

«Левит үшін бүкіл трибуна тік тұрды. Ол да жауап ретінде қолын шапалақтады.

Тиощенкоға бәрі ысқырып жатыр, бірақ Левит саусағын ерніне тигізіп, тынышталуға шақырды. Басымдық деген осы».

Bad Left Hook:

«Үш төрешінің екеуі белгісіз себептермен жеңісті Тищенкоға берді. Жиіркенішті көрініс. Олар Левитті алтын медальдан айырды. Левитті тонап кетті. Оның тоналғанын бәрі де көрді».

Шолушы Tom Craze:

«Таныстарымның бәрі де жеңісті Левитке берді. Бәрі».

Ирландиялық боксшы Томми Маккарти:

«Левит оны бүкіл ринг бойы соққының астына алды. Жабайылық!»

Mike Broderick:

«Боксты 40 жылдан бері қарап келем. Мен көрген ең нашар төрешілер осы болды.»

SimonBoxinghead:

«АИБА, сендер нағыз қылмыскерсіңдер!»

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или