Қазақстан медальдар есебі бойынша 15-ші орынға көтерілді

Қазақстан медальдар есебі бойынша 15-ші орынға көтерілді

Рио Олимпиадасының оныншы сайыс күнінде Қазақстанның қоржынына екі медаль түсті.

Боксшы Василий Левит күміс медаль еншілесе, зілтемірші Александр Зайчиков қола жүлде жеңіп алды. Осылайша, Қазақстанның Риодағы медальдар саны 10-ға (2 алтын, 3 күміс және 5 қола) жетті. Мұндай көрсеткішпен Қазақстан медальдар есебі бойынша 15-ші орында тұр.

Алғашқы үштік өзгерген жоқ. АҚШ әлі де көш бастап келеді - 75 (26-23-26). Ұлыбритания екінші - 41 (16-17-8). Ал Қытай спортшылары үшінші орында тұр - 46 (15-14-17).

Жалпы алғанда, Рио Олимпиадасына қатысып жатқан 207 елдің 67-сі медаль еншілеген.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или