Александр Зайчиков - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері

Рио Олимпиадасында ауыр атлетикадан 105 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстанның намысын Александр Зайчиков қорғады.

Хьюстондағы әлем чемпионатының жеңімпазы жұлқа көтеру жаттығуында 193 келіні бағындыра алды. Ал серпе көтеруде қазақстандық ауыр атлет 223 келіні еңсерді. Осылайша, қос жаттығу бойынша 416 келіні көтерген Александр қола медаль алды.

Ал Зайчиковтың басты қарсыласы өзбекстандық Руслан Нұридинов Олимпиада чемпионы атанды. Армениялық Симон Мартиросян болса, қанжығасына күміс жүлдені байлады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или