Камран Шахсуварлы: «Барша қазақстандықтарға сәлем жолдаймын»

Жәнібек Әлімханұлыны жарыс жолынан шығарған әзірбайжандық боксшы Камран Шахсуварлы ProsportKz.kz тілшісіне сұхбат берді.

- Жәнібекке тартысты жекпе-жек үшін алғыс айтқым келеді. Мен оны және оның бапкерлерін қатты құрметтеймін. Бірақ шаршы алаңда достыққа орын жоқ. Құдайға шүкір, бүгін жеңіске жете алдым.

- Бұл кездесуде қолданған тактикаңыз жайлы айтып берсеңіз?

- Шын айтсам, өзіме аса сенбедім. Қарсыласым қазақ болғаннан емес, мұндай деңгейде қобалжымай, сауатты жұдырықтасамын деп ойламадым.

- Төреші қолыңызды көтерген сәтте қандай сезімде болдыңыз?

- Қуанышты болдым. Маған қолдау көрсеткен достарым мен туысқандардың үмітін ақтадым. Ақтөбеде тұратын әкеме сәлем айтамын. Сондай-ақ, Галиб Джафаров пен барша қазақстандықтарға сәлем жолдаймын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или