Қайрат Ералиев: «Төрешілер аяғымнан шалды»

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында шаршы алаңға шыққан Қайрат Ералиев жекпе-жектен кейін өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Риодағы ҚазАқпарат тілшісі.

«Мен негізі жеңілген жоқпын. Қарсыласымнан артық жұдырықтаспасам, кем болған жоқ. Оның соққыларының барлығы менің қорғанысымнан өте алмады. Ал мен көптеген соққыларымды дөп тигіздім деп нық сеніммен айта аламын», - деді Ералиев.

Ол Дохада өткен әлем біріншілігінде осы боксшымен кездескенін айтты.

«Мен бұл боксшымен Дохада өткен әлем чемпионатында кездескенмін. Онда таза ұтылған болатынмын. Мойындайтын кезде мойындау керек. Ал бүгін ұтылдым деп айта алмаймын. Төрешілер аяғымнан шалды. Олимпиада жүлдесі бұйырмай тұрған шығар. Төреші кімнің қолын көтерсе, сол жеңді деген сөз. Бірақ, кімнің мықты жұдырықтасқанын жанкүйерлер, халық көріп отыр. Бағасын солар береді», - деп әңгімесін қысқа қайырды боксшы.

56 келі салмақтағы ел намысын қорғаған отандасымыз Қайрат Ералиев өзбек Муроджон Ахмадалиевтен ұпай саны бойынша ұтылды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или