Ольга Рыпакова - Рио Олимпиадасының қола жүлдегері

Қазақстандық Ольга Рыпакова үш қарғып секіру жарысынан еліміздің қоржынына тағы бір медаль салды.

Лондон Олимпиадасының чемпионы бұл жолы үшінші орынға табан тіреді. Рыпакованың ең үздік нәтижесі 14.74 м болды.

Ал бұл жарыста Рио Олимпиадасының чемпионы атағын колумбиялық Катерин Ибаргуэн алды - 15.17. Ал күміс медаль венесуэлалық Юлимар Рохастың еншісінде - 14.98.

Айта кетейік, бұл Қазақстанның Рио Олимпиадасындағы төртінші қоласы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или