Серік Сәпиев: «Жарыста қалған боксшыларымыздың бәрі «алтынға» таласады»

Бокстан Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев ProsportKz.kz тілшісіне қазақстандық боксшылардың өнері жайлы айтып берді.

- Жігіттердің дайындығы жақсы. Бәрі бір-бірін қолдауда. Әрине, ұтылған боксшыларымызда бар. Бірақ көбісі әлі жарыс жолында. Оларға мен тек сәттілік тілеймін. Сондай-ақ, Баландин мен Рахимовты Олимпиаданың алтын жүлдесімен құттықтағым келеді.

- Қазақстандық боксшылардың өнері жайлы не айта аласыз?

- Бәрі бабында. Барлықтарының өнері ұнауда. Әдемі бокс көрсетіп жатыр. Жарыста қалған боксшыларымыздың бәрі «алтынға» таласады. Енді оларды алда өте тартысты жекпе-жектер күтіп тұр.

- Василий Левиттің «алтын» алуы мүмкін бе?

- Левиттің ресейлік Тищенконы ұтып, Олимпиада «алтынын» алатын жақсы мүмкіндігі бар. Вася Рио-да керемет өнер көрсетуде. Левиттің жеңісіне сенеміз. Данияр Елеусіновтың жартылай финалдағы қарсыласы аса мықты емес, бірақ финалға шығып жатса, онда қиын болатыны анық.

- Дычконың ширек финалдағы қарсыласы жайлы пікіріңіз қандай?

- Меджидовпен салыстырғанда нигериялық боксшымен жеңілірек болады деп ойлаймын. Иван жартылай финалға өтуі тиіс. Артынша, финалға шығуы да мүмкін. Жалпы барлық боксшыларымыз мықты. Жігіттер ел намысын абыроймен қорғап, бар күштерін салуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или