Жәнібек Әлімханұлы ширек финалда Ақтөбенің тумасымен кездесетін болды

Жәнібек Әлімханұлы ширек финалда Ақтөбенің тумасымен кездесетін болды

75 келі салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлының Риодағы ойындардың ширек финалында кіммен кездесетіні белгілі болды.

Тengrinews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, қазақстандық боксшының қарсыласы 1/8 финалда ресейлік Артем Чеботаревті 2:1 (29-28, 29-28, 28-29) есебімен жеңген әзірбайжандық Камран Шахусаврлы болады.

25 жастағы Камран Шахусаврлы Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Сондай-ақ, ол Қазақстандағы спорт шеберлерінің бірі. Камран 2011 жылы Серік Қонақбаевтың жүлдесі үшін турнирде жеңімпаз болып, қалалық команданың құрамасында болған еді.

Айта кетейік, Әлімханұлы - Шахусаврлы жекпе-жегі 15 тамызда Астана уақыты бойынша сағат 22.00-де басталады. Тікелей эфирді «Хабар» телеарнасынан көре аласыздар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или