Әділбек Ниязымбетов ширек финалда қазақтың жиенімен кездеседі
<div id="" style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 19.006px; text-align: justify;"> Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарында бокстан 81 келідегі қазақстандық Әділбек Ниязымбетов беларусь боксшысы Михаил Долголевецты ұтып ширек финалға шықты. Енді жерлесіміз әзірбайжандық Теймур Мамедовпен кездеседі.
 Теймур Физули оглы Мамедов 1993 жылы Баку қаласында дүниеге келген. Бірақ әкесі Физули Қазақстанның тумасы. Дәлірек айтқанда Шымкентте өскен. Анасы қазақ қызы. Бұл отбасы КСРО тарағаннан кейін Әзірбайжанға көшіп кетеді. Әкесі де кезінде бокспен айналысқан. Кейіннен Теймиурды 13 жасында бокс үйірмесіне береді. 2011 жылы 18 жасында Еуропа чемпионы атанды. Сол жылы Бакуде өткен әлем чемпионатында финалға дейін жетті. Осыдан 4 жыл бұрын Олимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған. Одан соң, Алматыдағы әлем чемпионатында үшінші орын алды. Бұл кездері ол 91 келіге дейін салмақта өнер көрсетіп жүрген еді.
 Ал қазір салмағын ауыстырған. Жаңа салмағындағы алғашы ірі жетістігіне былтыр қол жеткізді. Әзірбайжан астанасында өткен алғашқы Еуропа ойындарында 81 келіде чемпион атанды. Биыл Рио-де Жанейродағы Олимпиада ойындарында елінің туын ұстап шықты. Осыдан-ақ Мамедовтың өз еліндегі абыройы қандай екенін көруге болады.
 <div id="" style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 19.006px; text-align: justify;"> «Осыдан төрт жыл бұрын қола жүлде алғанмын.Егер тағы да үшінші орын алсам қуанамын. Бірақ нәтижемді жақсартқым келеді», – дейді әзірбайжандық боксшы.
 Теймур 1/8 финалда голландиялық Петер Мулленбергты 3:0 есебімен ұтты.
 Ал Әділбек кеше түнде беларусь боксшысына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. Қорытынды есеп – 3:0 (30:27, 30:27, 29:28).
 «Олимпиадағы алғашқы жекпе-жегім. Жарыстың басталғанына алты күн болды. Шаршы алаңға шығатынымды көп күттім. Әріқарай осы жеңісті жолымды жалғастырамын деп үміттенемін», – дейді Ниязымбетов.
 <div id="" style="color: rgb(0, 0, 0); font-family: -apple-system, BlinkMacSystemFont, Roboto, "Open Sans", "Helvetica Neue", sans-serif; font-size: 13px; line-height: 19.006px; text-align: justify;"> Әділбек Ниязымбетов пен Теймур Мамедов арасындағы жекпе-жек 15 тамызда өтеді. Телетрансляцияны «Хабар» арнасынан 4:45-те көруге болады.
 Бек ТӨЛЕУОВ
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или