Магомедрасул Меджидов: «Дычконы екі рет жарыс жолынан шығарғанмын»

Магомедрасул Меджидов: «Дычконы екі рет жарыс жолынан шығарғанмын»

Аса ауыр салмақ дәрежесінде жұдырықтасатын әзірбайжандық боксшы Магомедрасул Меджидов өзінің келесі қарсыласы қазақстандық Иван Дычко жайлы айтып берді.

— Алғашқы жекпе-жегіңіз жайлы айтып берсеңіз?

— Бастапқы кездесу мен үшін ауыр болды. Келесі жекпе-жек жеңілірек болады деген ойдамын.

— Келесі қарсыласыңыз жайлы не білесіз?

— Қазақстандық боксшы Иван Дычко. Бойы ұзын, мықты қарсылас. Маған қарсы жекпе-жекке ол тыңғылықты дайындалуда. Бәрін ринг көрсетеді. Ол менің досым, бірақ шаршы алаңда достыққа орын жоқ.

— Бәлкім, онымен финалда кездескен дұрыс болар ма еді?

— Иә, келісемін. Мен одан қорықпаймын, ол менен. Алғашқы кезеңде кездесетініміз өкінішті-ақ. Бірақ мен оны екі рет жарыс жолынан шығарғанмын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или