Алексей Ни: «Карина Горичева медаль алады»

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Алексей Ни Рио-де-Жанейродағы Олимпиада-2016 ойындарында Карина Горичеваның мүмкіндіктері туралы ойымен бөлісті.

Тengrinews.kz порталының мәлімдеуінше, маман зілтеміршінің ең басты қасиетін айтып, көп жағдайдың көңіл-күйге байланысты екенін айтты.

«Біздің ойымызша, ол екінші орын алуы керек. Медаль болады. Медаль болуы үшін барлығын жасаймыз. Фархад Харки мен Маргарита Елисеева секілді ол да салмақ қуып жүрген жоқ, сәл шегергені болмаса. Бұл орайда оған жеңіл болады. Ол физикалық тұрғыдан өте жақсы қалпында. Көп мәселе әйел психологиясына байланысты, Оның салмағында мықты қарсыластар бар, Қытайдан және Тайваньнан. Көрейік, қалай өтетінін», - деді Ни.

Айта кетейік, Карина Горичева өнер көрсететін 63 келі салмаққа дейінгі жарыстар Астана уақытымен 00.30-да басталады. Тікелей эфирден "Қазақстан" арнасы көрсетеді.

Осыған дейін, Олимпиада-2016 ойындарында қазақстандық үш ауыратлет өнер көрсетті. Сонымен, Маргарита Елисеева (48 келіге дейін) бесінші орын, Арли Чонтей (56 келіге дейін) төртінші орын, Фархад Харки (62 келіге дейін) үшінші орынға табан тіреп, қола медальді иеленді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или