Алматыда өтіп жатқан күрес түрлерінен Қазақстан чемпионатында Айдос Сұлтанғали ерекше әрекетімен көзге түсті.

Финалда ол қарсыласы Ернар Фидахметовті 3:1 есебімен жеңген. Жекпе-жектен соң Айдос Сұлтанғали жарақат алып, өздігінен жүре алмаған қарсыласын бозкілемнен көтеріп алып шықты.