Қызылордалық Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен ел чемпионы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Алматыда "Достық" спорт кешенінде грек-рим күресінен Қазақстан чемпионатының финалдық белдесулері өтіп жатыр. 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Айдос Сұлтанғали (Қызылорда облысы) Ернар Фидахметовты (ШҚО) 3:1 есебімен жеңіп, чемпион атанды.

Аталған салмақ бойынша Мейрамбек Айнағұлов (Ақтөбе облысы) пен Дастан Зарлыханов (Ақмола облысы) жарыстың қола жүлдесіне ие болды.