Алматыда грек-рим күресінен 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ел үздіктері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.

Аталған салмақ бойынша атыраулық Қаһарман Қисметов ел чемпионы атанды. Ол финалда алматылық Азат Садықовты 5:4 есебімен жеңді.

Темірлан Өмірбай (Алматы) Әбунасыр Өмірзақтан (Жамбыл облысы) 12:8 есебімен басым түсіп, қола жүлдегер атанды. Ал екінші қолаға қызылордалық Олжас Сүлеймен ие болды. Ол жұбаныш белдесуінде Солтүстік Қазақстан облысының спортшысы Николай Хапконы 7:4 есебімен жеңді.