Грек-рим күресінен Қазақстан чемпионатында 77 келіге дейінгі салмақта ел құрамасының қос үздігі финалда кездеседі.

Азия чемпионы Асхат Ділмұхамедов маңғыстаулық Рахат Сағымбайды 9:0 есебімен таза ұтып, финалға жолдама алды.

Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев қостанайлық Тамерлан Шадукаевпен кездесіп, нәтижесінде 7:4 есебімен Жадыраев басым түсті. Айта кетерлігі, финалдық бәсекелер ертең, 26 қараша күні өтеді.