Грек-рим күресінен 77 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел чемпионы анықталды, деп жазады Prosports.kz.

Бұл салмақта Демеу Жадраев топ жарды. Ол финалда Асхат Ділмұхамедовты жеңді. Есеп 7:3.

Бұл салмақта Мақсат Ережепов (Атырау облысы) пен Тамерлан Шадукаев (Қостанай облысы) қола жүлдегер атанды.