Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің мерейлі 38 жасына орай DAZN стриминг сервисі құттықтау хабарламасын жариялады, деп жазады Prosports.kz.
DAZN твиттердегі ресми парақшасында әлем чемпионын тек жылы лебіздерімен құттықтап қана қоймай, GGG-дің спорттағы бес ірі жетістігін атап өтті:
- Олимпиаданың күміс жүлдегері;
- 2008 жылдан 2017 жылға дейін қатарынан 23 рет нокаутпен жеңіске жетті;
- Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы;
- Чемпиондық атағын қатарынан 20 рет сәтті қорғады;
- Орта салмақ тарихындағы нокаутпен жеңіске жету салыстырмасы ең жоғары (89,5 пайыз).
Айта кетейік, қазіргі уақытта Головкин орта салмақта IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы.
Комментарии