8 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта және Палембанг қалаларында өтетін Жазғы Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімі анықталуда. Бүгін Қазақстан таеквондо командасының құрамы белгілі болды, деп жазады Олимпиада комитетінің ресми сайты.

Бұл күндері Қазақстан таеквондо құрамасы Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізуде. Жаттығу кезеңі 14 тамызға дейін созылады.

Азия ойындарына қатысатын таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасы:

Керюги:

1. Елдос Ысқақ

2. Қазыбек Бақтиярұлы

3. Ерасыл Қайырбек

4. Нұрлан Мырзабаев

5. Руслан Жапаров

6. Айнұр Есбергенова

7. Фариза Алдоңғарова

8. Маржан Төлепбергенова

9. Ақсәуле Ерқасымова

10. Дениз Джансель

Пумседен:

1. Манасбаеа Руслан

2. Нұрқанов Ерлан

3. Шелков Артем

4. Чен Вячеслав