18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында Индонезияның Джакарта қалсында 18-ші кезекті Жазғы Азия ойындары өтеді, деп жазады prosports.kz сайты.

Қазақстан спортшылары Жазғы Азиядаға 1994 жылдан бері қатысып келеді. Осы аралықта ел үмітін арқалаған ұландарымыз 481 медаль жеңіп алды. Оның ішінде 140 алтын, 141 күміс, 200 қола жүлде бар.

Жеңіл атлетика федерациясының санағына сүйенсек, осы аралықта ел қоржынына ең көп алтын жүлде салған жеңіл атлеттеріміз екен. 1994-2014 жылдар аралығында Қазақстан жеңіл атлеттері Азия ойындарында жалпы саны 61 медаль жеңіп алған. Оның ішінде 22-сі алтын, 21-і күміс,18-і қола.

Екінші орында байдарка және каноэ есушілер. Олардың еншісінде 50 медаль бар (21 алтын,16 күміс, 13 қола). Үштікті нысана көздеушілер қорытындылап тұр (18 алтын, 23 күміс, 29 қола).