Каратэден Қазақстан ұлттық құрамасы Азия ойындарына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Олимпиада комитетінің ресми сайты.

2018 жылы Джакартада өтетін Азия ойындарына қатысатын каратэшілер құрамы:

Ерлер:

60 келі – Дархан Асаділов

67 келі – Дидар Әмірәлі

75 келі – Ермек Айназаров

+84 келі – Данияр Юлдашев

Әйелдер:

50 келі – Мөлдір Жаңбырбай

55 келі – Сабина Захарова

61 келі – Мәдина Өтелбаева

68 келі – Гузалия Гафурова

2010 жылғы Азия ойындарында алтын жүлде иеленген каратэші Дархан Асаділов өз жетістігін биыл да қайталаудан үмітті.

Ұлттық құраманың бас бапкері Жасталап Санауовтың айтуынша, Қазақстандық каратэшілер Азия ойындарынан тұрақты түрде алтын алып келеді.

Еске сала кетейік, Джакартадағы Азия ойындары 18 тамыз бен 2 қыркүйек аралығында өтеді.