Дене шынықтыру және спорт агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев «Қайрат» футзал клубының ойыншылары мен бапкерлеріне жаңа атақтар берді.

Журналистер мен құрметті қонақтардың қатысуымен өткен жиын барысында агенттіктің бастығы спорт шебері мен еңбек сіңірген жаттықытрушы куәлігін тапсырды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы атағына команданың бапкерлері Рикардо Камара Сабрал (Какау) мен Қайрат Оразбеков ие болды.

ҚР спорт шебері атағына ие болғандар:

1.     Дінмұхамет Сүлейменов (капитан) - қорғаушы

2.     Леонардо де Меле Виера (Игита) – қақпашы

3.     Леонардо Мендока да Роса (Лео) – шабуылшы

Халақарылық дәрежедегі спорт шебері атағына ие болғандар:

1.     Виталий Халявин – қақпашы

2.     Ғалымжан Қосмұхамбетов – қақпашы

3.     Алешандре Мораэс де Оливейра (Алешандре)

4.     Жоан Дос Сантос (Жоан)

5.     Лео Сантана

6.     Николай Пенгрин

7.     Серік Жаманқұлов

8.     Силва Сантос Родрига (Фумаса)

9.     Адалберто Нунес да Силва (Бетао) – шабуылшы

10.   Тимур Мырзабаев – шабуылшы

11.   Жеванильдо Оливейра

12.   Эулер Коэльо Маркес (Эулер)

Жиын соңынан команда ойыншысы Серік Жаманқұлов алған әсерімен бөлісті:

-         Еңбегіміз еленіп жатыр, бүгін спорт шебері атандым. Қарқыннан таймай биік белестерді бағындыруға тырысамыз. Осы күндері «төрттік кубогына» дайындалып жатырмыз. Қарысыластар қатты бізді жеңу бар күшін салады. Сондықтан ең қиын ойындар әлі алда. «Чемпион» деген атағымызды қорғап кезекті рет кубокты құшақтап келу – басты мақсатымыз болып тұр.