Алматылық «Қайрат» футзал клубы ел біріншілігі аясында алтыншы жеңіске жетіп көш бастады. «Аятқа» қарсы өткен екінші матч 7:2 есебімен алаң қожайындарының пайдасына шешілді.

Үш голды Жоан соқса, екі доп Живаның атында. Тағы бір голмен Барон көзге түсті. Сондай-ақ Алексей Лопатюктің автоголы да «Қайраттың» жеңісіне септігін тигізді.

«Қайрат» — «Аят» 7:2 (4:1)ГолдарЖоан 1, 3, 20, Барон 2, Жива 21, 32, Лопатюк 40-автогол — Лопатюк 16, Андерсон 29ТөрешілерСалимов (Астана), Яловцев (Кереку)