Футзалдан ел чемпионаты аясындағы 4-ші турдың қарымта матчы өтті. «Қайрат» өз алаңда «Аятты» ірі есеппен жеңді.

Бірінші тайм – 4:1 есебімен аяқталды. Жоан хек-триктің авторы атанса, тағы бір голды Бетао соқты. Қонақтар сапында Алексей Лопатюк көзге түсті. Екінші таймның басында Жива бесінші голды соқты, артынша «Аят» ойыншысы Андерсон бір гол қайтарды – 5:2. Дегенмен «Қайраттың» ойыншысы Жаманқұлов есепті іріге жектізсе, Лопатюк өз қақпасына гол соғып жалпы есепті түйіндеді – 7:2.

Келесі турда «Қайрат» 14-ші желтоқсан күні Бағанашылда салынған жаңа алаңында «ӨзенМұнайГазды» қабылдайды.

Футзалд ел чемпионаты. 4-ші тур. Қарымта матч.

«Қайрат»-«Аят» - 7:2 (4:1)          

«Қайрат»: Халявин, Игита, Жаманқұлов, Жива, Пенгрин, Сүлейменов, Мұрзабаев, Қосмухамбетов, Барон, Парух, Жоан, Бетао, Балтабаев

«Аят»: Волков, Лопатюк, Стренев, К. Чеботарев, Кузнецов, Солушенко, Насыров, Андерсон, Пика Пау, Сағындықов, Туртбаев, С. Чеботарев, Шакиров

Голдар: Жоан 1, 3, 20 Барон 2, Жива 21, Жаманқұлов 32, Лопатюк 40 (автогол) – Лопатюк 16, Андерсон 29

Төрешілер: Валерий Салимов (Астана), Виталий Яловцев (Павлодар), Павел Валяев (Алматы)

Ескерту алғандар: К. Чеботарев 5, С. Чеботарев 6, Андерсон 35 - Мұрзабаев 9, Пенгрин 23, Балтабаев 36