«Қайрат» футзал клубының төрағасы Қайрат Оразбеков «PROСПОРТ Қазақстан» тілшісіне алматылық команданың жеңістері және қазақ футболының даму жолы мен алдағы төрттік финал жайлы сыр шертті.

- Қайрат Айтмолдаұлы, командаңыздың УЕФА кубогының ақтық кезеңіне шығуымен құттықтаймын. Элиталы кезең туралы айта кетсеңіз...

- «Тұлпармен» бір топқа түскеніміз қиын болды. Мұның алдындағы екі кездесуде, Урал кубогы мен Қазақстан кубогында Әміржан Мұқановтың командасы бізді жеңіп кетті. Сол себепті бұл кездесу біз үшін өте маңызды болды. Психологиялық тұрғыда да біраз қиындықтар туындады. «Тұлпар» басында бізді қыспаққа алды. Алайда сосын біз басымдылыққа ие болып, ойынды толықтай бақыладық. Нәтижесінде керекті әдемі жеңіске жеттік.

- Қазақстандық дерби 7:1 есебімен аяқталады деп ешкім күтпеген еді...

- Ірі есеп ойынның жеңіл болғанын білдірмейді. Матч өте тартысты өрбіді. «Тұлпарға» халықаралық жарыстардағы тәжірибе жетіспейді. Дегенмен, олар бірден УЕФА кубогының элиталы кезеңіне жолдама алды, менінше бұл да жетістік.

- Мұқанов бірінші голды жіберген соң, алаңнан қақпашыны алып тастады, сізді бұл жайт таңғалдырды ма?

- Менінше ол жылдам жауап қайтармақ болды. Онында болсам, қақпашыны ойын аяқталуға 5-7 минут қалғанда алмастырар едім. «Қайратпен» әрдайым мұқият ойнау керек. Біз үшін қақпашыны ауыстырғаны қолайлы болды.

- Әміржан Мұқанов ойын соңында журналистерге берген сұхбатында төрешілердің «Қайратқа» жақтасқанын білдірді. Бұған не дейсіз?

- Ондай ештеңе байқамадым. Матчты басынан көру керек. Қақпашы Жеронимоға көрсетілген қызыл қағаз жайлы айтатын болсақ, төреші әділ шешім қабылдады. Алаңдағы қазымен бікер сөз таластарды.

- «Қайраттың» үш матчтағы жалпы есебі 25:1. Алматылық команданың тарихындағы ең жеңіл Элиталы кезеңі болды деп айта аламыз ба?

- Жоқ. Алматыда ойнағанымыз біз үшін қосымша көмек болды. Мұндай жарысты ұйымдастыру үшін көп қаражат керек және де демеушілердің көмегі маңызды. Шыны керек бізге сырт алаңда ойнаған ыңғайлы - ұшып бардық, ұйықтадық - сосын ойынға. Қазақстанда футболды дамыту үшін осындай УЕФА кубогы секілді жарыстарды өткізгеніміз дұрыс. Бірақ, бұған да көп қаражаттың жұмсалатынын ұмытпағанымыз дұрыс. Жоғарғы лигада өнер көрсететін зіңгіттей жігіттер жасыл алаң таба алмай жүргенде балалар футболын айтудың өзі артық шығар?

- Қалай ойлайсыз, футзалдан ел біріншілігінде «Қайрат» пен «Тұлпар» кездесуі өткен жолғыдай халық жинай алады ма?

- Болашақта мүмкін. Бізге бәсекелестік арттыратын спорт түрлерін дамыту керек. Алдында да айтқан болатынмын Қазақстан премьер-лигасындағы барлық клубтарында футзалдан бір-бір командасы болса, онда бізде Еуропадағы ең беделді чемпионаттардың бірі болады.

- 2015 жылы футболдан Қазақстан чемпионаты «күз-көктем» жүйесіне ауысайын деп жатыр. Сол уақытқа дейін премьер-лигадағы әр команадада спорт кешендері мен жабық алаңы болуы тиіс. Сонымен қатар әр клубтың футзал командасы болуы үшін күш жұмылдырып көрген жоқсыз ба?

- Бұл мәселемен Қазақстан футбол федерациясы мен Спорт комитеті айналысуы тиіс. Біз тек осындай оған мән беруге шақыра аламыз. Қазақстан футболындағы инфрақұрылымның жоқтығы кері әсерін тигізіп тұр. Ойыншыларымыздың деңгейі неге нашар? Себебі жаттығатын алаң жоқ. Жоғарғы лигада өнер көрсететін зіңгіттей жігіттер жасыл алаң таба алмай жүргенде балалар футболын айтудың өзі артық шығар? Қай жерде жаттығады олар? Асфальтта ма, әлде есік алдындағы көліктердің арасында ма? Еліміздегі барлық қалаларда көптеген алаңдар салуы тиіс, көп ақшада кетпес бұған, артынша балалар соңда доп теуіп, кішкентай кезден бастап жаттығады. Естереңізде ме кеңес заманында бапкерлер талантты балаларды осындай ауладан тауып секцияларға әкелетін.

«Әкім футболды ұнатпаса сол облыс футболдан  артта қалады. Осы мәселеге тірелген кезде ерік- жігеріміз су сепкендей басылады»

- Мұның бәрі мемлекет қаржысына салынуы тиіс екені анық. Алайда оны  кім қадағалауға алады?

- Оп-оңай, пәтер жүйелерінің коперативі бақылауы тиіс. Квитанция төленген кезде жүз теңгедей үстінен қосылады. Бұған ешкім қарсы болмайтын шығар деп ойлаймын. Бір жағынан балалар ылғи да спортпен айналасып жүреді. Ойнайтын алаңдар көп болады. Мемлекет осындай алаңдарды салып берсе, оны ПЖК қадағалайды. Жол бойындағы авто тұрақтарды алып тастап, соның орнына балаларға спорт ауласын тұрғызу керек. Сонда ғана мықты спортшылар пайда болады. Қарап отырсаң, алақандай Чехияда алаңдар біздікінен көп екен.

- Бірақ шенеуніктер мемлекеттік бағдарлама жасау керектігін алға тартады...

- Мен айтқанымды орындау қиын емес. Маған бюджет беріңіздер, мен Алматының бәріне алаңдар салып тастаймын. Бірақ қиыншылық басқада, ҚФФ жыл сайын әр команда мен әр облыстың әкімдеріне футболдың дамыту жолында балаларға алаңдар мен тағы басқа керекті мәселелерді шешуін сұрайды. Ал бірақ әкімдер бұл мәселеге көп мән бермейді. Басты қиыншылық сол әкімдерде. Мысалы, әкім футболды ұнатпаса сол облыс футболдан  артта қалады. Рас нәрсе. Бұл дұрыс емес, ақшаның бәрі бекер кетіп жатыр. Осы мәселеге тірелген кезде ерік- жігеріміз су сепкендей басылып қалады.

- Соңда ҚФФ-ның көмегімен мемлекеттік бағдарлама ұсынулуы тиіс пе, әлде президенттің қасында футболды сүйетін адам болуы керек пе?

- Премьер-министріміз футболды ұнататынын білем. Соның арқасында «Тұлпар» кәзір мықты. Оның айтқан бір сөзі, көрсеткен қолдауымен қарағандылық команда бірден ТОП-клубқа айналды. Бастама бар. ҚФФ ылғи осы мәселені жерде қалдырмауға тырысады. Ал оның орындалуы үшін спорткомитеті жұмыс істеуі керек.

«Үлкен спорттық форум өткізуіміз қажет. Алайда оған кезде сұрақпен емес, шешіммен келуіміз керек»

- Өзіңіз спорттық шен-мансапқа қызықпайсыз ба? Мүмкін сол кезде талай мәселе шешімін табар еді...

- Жоқ мансапқа қызыққан емеспін еш уақытта.

- Дегенмен, сіз болашақта Қазақстан футбол федерациясын басқарады деген сыбыстар естілуде…

- Футбол менің хоббиім. Көп уақытымды құрылыс компаниядағы жұмысыма арнаймын. Сондықтан мен федерацияны басқаруға дайын емеспін. Тіпті өз «Қайратыма»  да уақыт жетпейді. Түні бойы жұмыстамын. Өзімнің 18-жылдай тәжірибем бар, кішкентай командадан УЕФА кубогының жеңімпазына дейін жеткізген адам ретінде кейбір сұрақтар мен мәселелерді шешуде көмектесе аламын.

- Сізге сондай мәселелерді шешуде көмек сұрағандар бар ма?

- Жоқ (күледі). Алайда футболды дамыту жолында не істеу керек екенін ұялмай ашық айтам. Біз ҚФФ президенті жайлы көп айтамыз, дегенмен оның жігері жеткіліксіз. Әкімдерге әлі жетпейді. Ол үшін үлкен спорттық форум өткізуіміз қажет. 2011-ші жылдағыдай. Екіншісін өткізетін уақытта келіп жақындап қалды. Алайда оған кезде сұрақпен емес, шешіммен келуіміз керек.

«Сибиряк» клубы Сантана мен біз үшін тиімді ұсыныс жасады. Осыдан бір жыл бұрын кетем дегенде «тұра тұр» дегенмін»

- «Қайратқа» тағы бір рет тоқталсақ. Алматылық клуб қазіргі УЕФА кубогының иегері ретінде төрттік финалдың фавориті болып саналады. Бұл жайт психологиялық тұрғыда кері әсер ете ме әлде пайда әкеле ме?

- Әр кездесуі біз үшін тартысты өтеді. «Қайратқа» қарсы ойнағанда барлық команда ерекше дайындықпен алаңға шығады. «Барселона» мен «Динамо» бізді ақтық кезеңге шығуымызды ерекше күтті, есені қайтармақ. Бірақ, «Қайрат» білікті, кәсіпқой ойыншылардан жасақталғанын жақсы білеміз. Еуропадағы ТОП-клубқа сәйкестенеміз.

- «Қайрат», «Динамо» мен «Барселонадан» басқа төрттік финалға әзербайжандық «Араз» да шықты. Екі жыл қатарынан үздік төрттікте бұрынғы кеңес одағынан үш команда жолдама алуда, бұл нені білдіреді соңда?

- Жауабы сол мықты бапкерлер және клубтардың президенттері көрсетіп жатқан қолдау деп ойлаймын. Дегенмен Италия, Португалия мен басқа мемлекеттердің командалары да төрттік финалға шығуға жақын болды.

- УЕФА кубогына қатысушылардың саны қашан көбиеді?

- Футзал олимпиадалық отбасына кірсе ғана.

- УЕФА кубогының ақтық кезеңіне шыққан командалардың қайсысымен жартылай финалда кездесуді қалар едіңіз?

- Әр қарсыласқа тыңғылықты дайындаламыз. Бізге кіммен ойнаған жеңіл болатыны әлі белгісіз, «Араз» да мысалы өте мықты команда.

- «Төрттік финал» Алматыда өтуі мүмкін бе?

- Әбден мүмкін. Біз «төрттік финалды» Алматыда өткузеге ұсыныс жібергенбіз. Бірақ менің ойымша ақтық кезеңді «Араз» қабылдайтын шығар, себебі олар бірінші рет «Төрттік финалға» жолдама алып тұр, болмаса сол Испания да өтуі мүмкін.

- Төрттік финал алдында «Қайраттың»  құрамасы өзгере ме? Лео Сантана клубтан кетті...

- «Сибиряк» клубы Сантана мен біз үшін тиімді ұсыныс жасады. Осыдан бір жыл бұрын кетем дегенде «тұра тұр» дегенмін. Енді мінекей УЕФА Кубогының иегері ретінде басқа клубқа ауысты. Ойыншымен қоштасу қиын болды, әрине. Қалғандары командада қалады. Бір-екі жаңа ойыншы«Қайратқа» аусуы мүмкін. Желтоқсан-қаңтар айларында жаңалықтарды күтіңіз.

- Футбол клубын жаттықтыратын ойыңыз болған жоқ па? «Қайрат» футзал базасында футбол клубын ашуға қалай қарайсыз?

- Ойланғанмын. Бұл орындалса да біз тек қана бар командамен жұмыс істейміз. Үлкен футбол клубын ашу туралы әңгіме жоқ. Оны ашу үшін мықты демеуші қажет. Көреміз, ұсыныстар келіп жатса неге жұмыс істемеске? Бірақ, «Қайрат» футзал клубына зияны тимесе болды,және де сол команданың қойған мақсаттары жоғары болу керек. Напоелеон «қалада екінші болғанша, ауылда бірінші болам» деген екен. Мұндай әңгімелер болған, бірақ футзал зардап шегуі мүмкін. Ал маған бұл керек емес.

Сұхбаттасқан: Евгений Гайдамакин

Аударған: Қайсар Оқасов