Бүгін Еуропа лигасының іріктеу кезеңі. Осыған орай қазақстандық арбитрлер бригадасы Еуропа лигасының іріктеу матчында қазылық ететін болды.

Норвегиялық «Бранн» мен словакиялық «Ружомберок» матчына бас төреші қызметіне қазақстандық Артем Кучин тағайындалды.

Оған қазақстандық реферилер көмектеседі: Евгений Бельский, Анатолий Ходин мен Денис Измайлов.

Словакияда өткен алғашқы матчта «Бранн» 1:0 есебімен жеңген болатын. Қарымта кездесу 20 шілдеде Астана уақытымен 23:00-де басталады.