«Реалдың» шабуылшысы Альваро Мората англиялық «Челси» клубына ауысуға жақын. Бұл туралы журналист Франческо Ди Марцио өзінің «Твиттердегі» парақшасында жазады.Айта кетейік, бұған дейін БАҚ өкілдері испаниялық шабуылшы «Манчестер Юнайтед» келісімге келді деп жазған болатын. Сонымен қатар, Альваро Моратоға италиялық «Миланның» да көзі түсіп отыр. Дегенмен, «Реалдың» шабуылшысы бәрінен бұрын англиялық «Челси» клубына ауысуы мүмкін деп жазадыФранческо Ди Марцио.