Еуропа Лигасының екінші іріктеу кезеңіндегі сербиялық «Црвена Звезда» мен керекулік «Ертіс» арасындағы жауапты кездесуді «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Кереку қаласында өткен алғашқы кездесу 1:1 есебімен аяқталған болатын. Матч ертең, 20-шы шілде күні Астана уақытымен сағат 00:25-те басталады.