Андрей Аршавин: «Білікті бапкерлерді қайдан алуға болады?» 1-ші бөлім

Жартылай қорғаушы Андрей Аршавин ProsportKz.kz сайтына берген сұхбатында «халық командасына» трансфері, Александр Бородюктің кету себебі туралы айтып, қазақстандық клубтардың ресейлік футболға біріктіру ниеті жайлы өз ойын білдіріп қана қоймай, допингтік жанжалдар туралы пікірін айтты.

Сұхбаттың бірінші бөлімінде Аршавин «Қайраттың» УЕФА Еуропа лигасы іріктеу кезеңіндегі көрсеткішін қорытындылады, Қазақстан кубогындағы трагедия туралы және клуб президентімен әңгімесі жайлы айтып берді, сондай-ақ, ресейлік хавбектің келесі маусымда «Қайратта» қалып-қалмасын білесіздер.

- Андрей, үлкен ойыншылар бір клубтан басқасына ауысатын кезде еурокубокқа қатысу мүмкіндігін немесе чемпиондыққа талас маңыздылығын есепке алады. Биылғы маусымда «Қайратқа» чемпиондыққа үміткер болу өте қиынға соғып тұр, оның үстіне, Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңінде де сәтсіздікке ұшырады. Ойыншылар осы маусымда енді неден жігер алады және сіз үшін оның сәтті болуы үшін не істеу қажет?

- Көңілім түсті, әрине. Сізбен екі нәрсе бойынша келісе аламын, чемпиондыққа таласу қиын және біз УЕФА Кубогынан ұшып кеттік. Енді, жігер (күліп)... жәй ғана жақсы ойнай беру қажет. Мен маусымды жақсы не жаман деп бағаламас едім. Біз тек Кубок үшін ғана таласа аламыз, бірақ Кубокты жеңіп алғанның өзінде, ол «Қайрат» үшін ғажайып жеңіс болады деп айта алмаймын. Тіпті, жеңе алмасақ, нағыз трагедия болады. Маған келер болсақ, мен осы кезеңдегі футболдан, осында өткізген 3-4 айымда ләззат алып жатырмын, Маған бұл әсер үлкен қанат бітіреді.

– «Қайраттың» Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі өнеріне баға бере аласыз ба? Не жетіспеді? Көп адамдар «Қайраттың» осы маусымда топтық кезеңге шығатынын күткен болатын.

- Менің ойымша, «Теута» қарсылас емес. Олар осал команда. «Маккаби», керісінше, өте мықты ұжым, Еуропа лигасының төртінші кезеңінде ойнауға лайықты. Жалпы алғанда, екеуіміздің біріміз «Пандурийден» оңай өтетініміз айқын еді, енді оны «Маккаби» жасайтын шығар. Не жетіспеді дейсіз бе? Жалпы, бізге шеберлеу құрам керек, сол кезде өзімізге сенімді болар едік.

- «Маккабиге» қарсы қарымта матчта команданың қай шебіне шеберлік жетіспеді деп ойлайсыз?

- Бұл туралы айтқым келмейді. Бұл менің клуб президентімен әңгімем.

- Егер президентпен сөйлесіп қойсаңыз, келесі маусымда да еурокубокта «Қайрат» сабында ойнау жоспарыңызда бар ма?

- Жоқ,біз бұл туралы сөйлескен жоқпыз. Ол біз жаққа, базаға келгенде ғана сөйлесеміз. Одан бөлек оған хабарласып, бір нәрсе сұрамаймын.

- Сонда да Андрей Аршавинді келесі маусымда күтуге бола ма?

- Уақыт көрсетеді.

- Маусымның басынан бері «Қайрат» сапында болсаңыз да, Қазақстан Суперкубогында ойнай алмағаныңызға өкінбейсіз бе?

- Қайрат Советайұлына мені Суперкубоктан айырғанын бірден айттым (күліп). Негізі өмірімде бір рет қана Суперкубок ұтқан шығармын.

- Лондондық «Арсеналда» дебюттік ойыныңыздан кейін бірінші таймнан соң қатты шаршап қалғаныңызды айттыңыз. Қазақстанда осындай ұзақ уақыттық үзілістен кейін шаршамадыңыз ба әлде Қазақстанда ойнау оңай ма?

- Маған бұлай бастау оңай болған жоқ, әсіресе сырт алаңда, әсіресе менің бірінші алаңымда. Өз алаңымызда ойнаған кезімізде, мұнда алаң жақсы ғой, құрамымыз қалғандарына қарағанда мықтырақ. Ойнайсың да, ләззат аласың. Сырт алаңда өтетін матчтар, әрине, қолайыздық тудырып жатады, бірақ ауа-райы жылы болып, алаңдар көгере бастаған соң қонақта ойнау да оңайырақ болды.

- Сіз Қазақстан чемпионатында барлық алаңды көріп шықтыңыз. Инфрақұрылым - біздің футболдағы шешілмей тұрған мәселелердің бірі, бұл туралы сіздің пікіріңізді білуге бола ма?

- Әрине, бұл бұрынғы Кеңес елдеріне ортақ мәселе. Қазақстанда да сол қиындық. Дамығанын қалаймыз ғой, бірақ қазіргі экономикалық жағдайларға байланысты мүмкін болмай тұрғанын түсінемін. Менің білетінім, Таразда бізге табиғи алаңда ойнауға мүмкіндік болған, бірақ бізді жасанды көгалға апарды. Әрине, мұнда сұрақты Футбол федерациясына қою қажет. Егер ол футбол мен футболшыларды ойлайтын болса, бірінші турдан бастап Таразда жақсы алаңда ойнауға болар еді. Команданы неге жасанды алаңда ойнатады?

- Бұған себеп көгалды қыста дайындап үлгермеуіне байланысты шығар...

- Таразда солай жасауға болады ғой! Сол кезде алаңдары жақсы болған. Ал маусымның басында алаңдары дайын емес қалаларда жасанды көгалда ойнай беруге болады. Бірақ сапасының жақсы болғанын қалаймын.

- Сонда команда табиғи алаңы болғанына қарамастан, жасанды көгалды пайдаланғаны ма?

- «Тараз» соны пайдаланған болып тұр ғой.

- Ал Футбол федерациясы мен Лига басшыларының қандай талап қоюы қажет?

- Егер федерация алаңның жақсы екенін көрсе, команданы сол жақта ойнауға міндеттейді. Мұнда жаман ешнәрсе жоқ деп ойлаймын.

- Яғни, инспектор алдымен алаңның сапасын бағалауы керек қой...

- Білмеймін. Егер федерация футболдың басқа спорт емес, нақты футбол болғанын қаласа, солай жасау қажет.

- Астанада жақында жиын өткен, ол жаққа ниет білдіргеннің бәрі де бара алды. Қазақстандық футболдың даму стратегиясы талқыланды. Мынадай саясат таңдаған: бәрі өз ойларын айтып шығады, кейін нақты стратегия қабылданады. Егер сізде сондай мүмкіндік болса, біз жоғарыда айтқан мәселелерді есептемегенде, футболдың даму стратегиясын жасау үшін не нәрсеге басты назар аудару қажет?

- Барлық жерде де академияға немесе балалар мен жасөспірімдер мектептеріне қатысты мәселе болып тұрғаны рас. «Қайратта» балалар үшін жоғары деңгейде жағдай жасалған, бірақ бұл елдегі бір ғана клуб. Кез келген елдегі футбол федерацияларының мақсаты балаларды футболға көбірек көңіл бөлдірту деп ойлаймын. Олар кәсіпқой футболға жетсе де, жетпесе де, маңызды емес. Бұл үшін не істеу қажет? Жақсы алаң және білікті бапкерлер. Бірақ бұл жағдайда бірден мынадай сұрақ туындайды: білікті мамандарды қайдай аламыз? Демек оларды білікті түрде дайындау қажет. Демек спорт институттары керек деген сөз. Олардың қазіргі деңгейін ескере отырсақ, бүгінде оларды дайындау жоғары дәрежеде деп айта алмаймын. Оған қаржы бөлу қажет. Бұл мемлекеттік бағдарлама, футболға көмек, бүкіл спорттың дамуы болуы қажет. Ғаламдық мәселелер бірдей. Ресейде хоккей жақсырақ дамыған. Хоккейдің инфрақұрылымы бар, бірақ бұл көп қаржыны талап ететін спорт түрі ғой. Мысалы, Краснодарда хоккейге арналған үлкен стадион бар, ол жақта +40 градус тұрады. Оның не керегі бар? Одан да алаңдарды көбірек салу қажет. Қателік.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или