ҚР Президентінің Кубогы 8-12 тамыз аралығында Шымкент қаласында өтеді

8-12 тамыз аралығында Шымкент қаласында футболдан жасөспірімдер (2000 ж.т.) арасында «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы» ІХ халықаралық турнирі өтеді.

ҚФФ баспасөз-қызметінің хабарлауынша, Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогының ашылу рәсімі 8 тамыз күні сағат 17:00-де басталады.

Турнирге Албания, Әзірбайжан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан құрамалары мен «Крузейро-Қазақстан» командасы қатысады.

Ойындар «БИІК» спорт кешенінің алаңында өтеді. Үшінші орын үшін ойынды «БИІК» футбол орталығының стадионы қабылдаса, финалдық матч Қажымұқан атындағы Орталық стадионға жоспарланған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или