Брендан Роджерс: «Астана» Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуы тиіс»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Селтиктің» бас бапкері Брендан Роджерс «Астанамен» өткен кездесу жайлы өз ойын білдірді. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Келесі кезеңге өтуге лайық болдық. Ойыншыларым жақсы ойын көрсетті. Физикалық дайындығымыз жоғары деңгейде екенін көрсеттік. Қос голды бірінші мен екінші таймның аяқталар тұсында соқтық. Гриффитс пен Дембеле он бір метрлік соққыдан мүлт кетпеді. Біздің жанкүйерлерге ерекше алғыс айтқым келеді. Олардың қолдауы арқасында біз жеңіске жете алдық. Стадиондағы атмосфера керемет болды. «Астана» жас ойыншылардан жасақталған мықты команда. Олар Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығуы тиіс», — деді Роджерс.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, кеше «Селтик» өз алаңында «Астананы» 2:1 есебімен жеңіп, Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды. </p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или