«Астана» Чемпиондар Лигасымен қош айтысты

«Астана» Чемпиондар Лигасымен қош айтысты

Чемпиондар Лигасының 3-ші іріктеу кезеңінде «Селтик» өз алаңында  «Астананы»  қабылдап, екі ойын нәтижесі бойынша келесі кезеңге өтті.

Астанада тең түскен екі ұжым  Глазгодағы кездесуде жеңімпаз табуы тиіс еді. Ойын шотландиялықтардың шабуылымен бастады. Жылдам гол соғуға ұмтылған шотландиялықтар, «Астана»  қақпасына қауіп төндірумен болды. Қорғанысы мығым елордалық ұжымның жүйкесі бірінші таймның соңында сыр беріп, қосымша уақытта төреші пенальти қойды. Гриффитс нүктеге қойылған допты еш қиындықсыз қақпада тулатты. Есеп - 1:0.

Екінші таймда алаң иелері есепті еселеуге кірісті. Бірнеше мәрте қауіпті шабуылдар ұйымдастырып, қақпашының мазасын алды. Айып добын орындау кезінда астаналықтар гол соғып еді, төреші голды санамай тастады. Шотландиялықтар қақпасының алдындағы қарбалас кезінде қақпашы Гордон қақпадан алыс шығып, қателікке бой алдырды. Қақпашының қателігін Ибраими ұтымды пайдаланды. Бос тұрған қақпаға допты дәл көздеп, есепті теңестірді. Қалған уақытта командалар бірін-бірі аңдумен болды. Қарымта шабуылдардың бірінде шотландиялықтар айып алаңына кіріп, Дембелеге қарсы ойын бұзылды. Тағы да  - пенальти, Бұл жолы Дембеле есепті еселеп. қосымша уақытта команданы алға шығарды. Қорытынды есеп - 2:1.

«Селтик»  - «Астана», 2:1 (1:1),

Голдар: Гриффитс, 45. Дембеле, 90+1 - Ибраими, 62

Сары қағаз:    Йохансен, О'Конелл,  Эрич

Қызыл қағаз: Шитов, Шомко

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или