Брендан Роджерс: «Астанаға» қарсы матч ауыр болатынын жақсы түсінеміз»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Селтиктің» бас бапкері Брендан Роджерс «Астанаға» қарсы қарымта кездесу жайлы өз пікірін айтты. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Бүгінгі ойынды асыға күтудемін. Бұл Қазақстандағы кездесумен салыстырғанда өзгеше матч болады. Біз өз алаңымызда ойнаймыз. «Астанаға» қарсы матч ауыр болатынын жақсы түсінеміз. Бірақ біз келесі кезеңге өтуіміз тиіс. Бізде жарақат алған ойыншылар бар: Нир Биттон мен Эрик Святченко. Ал Стефан Йохансен жарақатынан айықты», — деді Роджерс шотландиялық клубтың ресми сайтына.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, аталмыш ойын тамыздың 3-і, Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или