ҚФФ конференциясында қандай мәселелер көтерілу керек?

ҚФФ конференциясында қандай мәселелер көтерілу керек?

3 тамызда футбол жанкүйерлері мен басы-қасында жүрген тұлғалар үшін арнайы конференция өтеді. ҚФФ басшылығы қазақстандық футболдың жай-жапсарын анықтап, бүге-шүгесін талдамақшы.

Балалар футболы

Елімізде футбол даму үсітінде десек, балалар футболы кенже қалуда. Елімізде заман талаптарына сай футбол мектептері мен академиялары жоқтың қасы. Жалғыз «Қайрат» болашағын бағамдап, мектеп пен Академия салып, негізгі құрамға заман талабына сай жаттығу базасын соғып берді. Бірақ бұл тек оңтүстік астанамыздың жағдайы ғана. Қалған өңірлерде футбол Академиясы тұрмақ, «С» санатындағы жаттықтырушылар жоқ. Осы жылы ақтөбеліктер де болашағына бей-жай қарамайтынын аңғартты. Облыстың аудан орталықтарында футбол орталығының филиалдарын ашу жөнінде шешім қабылданды. Бұл да болса қазақ футболының дамуына аз-маз сеп болатыны анық. Ертеңгі конференцияда балалар фуболы жайлы әңгімеге көп көңіл бөлінуі тиіс деп санаймыз.

Футбол нысандары

Елімізде тек бірді-екілі стадиондардың ғана еурокубоктық ойындарды қабылдауға қауқары жетеді. Топтық кезеңдегі ойындарды тек Алматының Орталық стадионы мен «Астана-Арена» қабылдай алады. Оның өзінде Алматыдағы стадионға УЕФА өкілдерінің қатаң ескертулері бар. Ескі стадиондар мен сапасыз төсеніштердің футбол сапасына да әсер ететіні сөзсіз. Футболшылардың денсаулығына беретін әсері жайлы айтпай-ақ қояйық. Маусым басталар шақта Примьер-Лига клубтары стадион іздеп, басқа қалаларды кезіп кететіні – үйреншікті  жағдай. Сол стадиондар маусым ортасында, тіпті соңында да ойынға жарамды екеніне күмәнмен қарайсың. Қалалардағы стадиондар жаңарып, кей аймақтарда жаңа стадионның салынуын күтіп жүргенімізге неше жыл болды. Бастысы сапалы жаттығу базалары мен ойын алаңдары, қысқы жиындарға қажет манеждердің көп болуы – ҚПЛ деңгейінің өсуіне өзінше бір септігін тигізетіні мәлім. Конференцияда осы мәселенің шетін көтеріп, жоспарын ұсынса, көптің ойында жүрген мәселе бір жағына шығады деп сенеміз.

Футзал

Қазақстан футзалы қарқынды даму үстінде десек те, ішкі біріншіліктегі жағдай мәз емес. «Қайратқа» қарсылас атанатын команда табылмай тұр. ҚФФ Примьер-Лига клубтарының бәріне жақын жылдары футзал клубын да жасақтауын айтқан болатын. Қазіргі қазақ футзалшыларының орнына келетін жастарға да мүмкіндік туар еді. Команда саны көп чемпионаттан сапалы футзалшылар шығатыны анық.  Сонымен қатар, футзал жүйесі де қалпына келер еді. Соңғы уақытта жанкүйерлердің де осы спорт түріне ынтасы ауып, қызығушылығы артқан еді. Конференцияда ҚФФ басшыларынан футзал жағдайы жайлы да бір мәселенің басын ашса деп үміттенеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или