Нир Биттон: «Селтик» келесі кезеңге өту үшін бар күшін салады»

Нир Биттон: «Селтик» келесі кезеңге өту үшін бар күшін салады»

«Барселонамен» өткен жолдастық ойында жарақат алған «Селтиктің» жартылай қорғаушысы Нир Биттон «Астанаға» қарсы матчқа қатыса алмайтынын және өз әріптестеріне сенетінін айтты.

«Бұл маған байланысты болса, мен алаңға шығар едім. Бірақ мұны мен шешпеймін. Толық дайын болмасам, командама көмектесе алмаймын. Қазір нақты ештеңе айта алмаймын. Аяғым ісіп кетті, қазір рентгеннің суретін күтудемін».

Сондай-ақ, Биттонның айтуынша, Қазақстандағы оң нәтижеден кейін шотландиялық клуб келесі кезеңге өтеді:

«Астанамен» өткен бірінші ойында қолайлы нәтижеге қол жеткіздік. «Астана» — мықты ұжым, біз сырт алаңда бір гол соққанымен әлі ештеңе шешілген жоқ. Бірақ біз келесі айналымға шығу үшін бар күшімізді саламыз. Егерде біз Чемпиондар лигасын ұтқымыз келсе, онда мұндай кездесулерден сүрінбей өтуіміз қажет».

Естеріңізге сала кетсек, «Селтик» - «Астана» қарымта матчы тамыздың 4-і, Астана уақытымен сағат 00:45-те басталады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или