Владимир Фомичев: «Селтикке» Глазгода қиын болады»

«Қызылжар» футбол клубының бас бапкері Владимир Фомичев «Астана»-«Селтик» кездесуі жайлы өз пікірін айтты.

- Елордалық клубтың сырт алаңда гол соғатын мүмкіндігі болады. «Селтикке» Глазгода қиын болатыны анық.

- Неліктен қиын болады деп ойлайсыз?

- Шын айтсам, «Селтиктің» ойынын түсінбедім. Шотландиялық клуб Астанада жақсы ойын көрсетті деп айта алмаймын. Әрине, Глазгода – өз жанкүйерлерінің қолдауы бар, өз стадионында ойнайды, бірақ «Астанада» осал ұжым емес. Стойловтың командасы бірінші матчта әдемі ойнады. Патрик Твумаси жиі шабуылдады. Қарымта ойында да бізде гол соғатын мүмкіндік болады. Бұйыртса, келесі кезеңге өтеміз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или