Джордже Деспотович: «Мұндай атмосфераны бірінші рет көрдім»

«Астананың» шабуылшысы Джордже Деспотович Prosportkz.kz тілшісіне «Селтикпен» өткен матч жайлы айтып берді.

- Бас бапкер жақсы тактика қолданды. Өкініштісі, жеңіске жете алмадық. Бұл біздің биылғы маусымдағы ең үздік матчымыз болды. «Селтиктің» бағы жанды, бір жартылай мүмкіндіктен гол соғып кетті.

- «Астанаға» қарымта матчта қиын болмақ, келісесіз бе?

- Біз әр стадионда жеңіске жете аламыз. «Селтик» өз жанкүйерлер алдында ойнайды, бірақ бізде Глазгоға тек жеңіс үшін барамыз.

- «Селтиктің» ойыны жайлы не айта аласыз?

- «Селтик» - үлкен клуб, бірақ бұл команданы да ұтуға болады.

- Кешегі кездесу еурокубоктағы ең үздік матч болды дейсіз. Атмосфера жағынан да ма?

- Иә. Мұндай атмосфераны бірінші рет көрдім. Қазақстанда ойнап жүргеніме екі жыл болды, бірақ мұндай қолдауды бірінші рет байқадым. Жанкүйерлерге көп рахмет.

- Матч соңында қақтығыс көбейіп кетті, неліктен?

- Менің ойымша «Селтик» әдейі уақытты созу үшін мұны істеді.

- Қалай ойлайсыз, Глазгода шабуылды стильде ойнау керек пе?

- Кешегі ойында 4-5 мүмкіндігіз болды, бірақ бір ғана гол соға алдық. Енді бар үміт қарымта ойында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или