Азат Нұрғалиев: «Селтикті» жарыс жолынан шығара аламыз»

«Астананың» жартылай қорғаушысы Азат Нұрғалиев Prosportkz.kz тілшісіне «Селтикпен» өткен матч жайлы айтып берді.

- «Астана» жеңіске лайық болды, бірақ «Селтик» бір мүмкіндігінен-ақ есепті теңестіріп кетті.

- Команда көп шабуылдады, бірінші ойында басым жеңіске жеткіңіз келді ме?

- Иә, біз басым жеңіске жеткіміз келген. Бірақ қолымыздан келмеді. 1:1 нәтижесі де жаман емес. Алда қарымта матч бар. «Селтик» - мықты ұжым, бірақ біз бұл команданы жарыс жолынан шығара аламыз.

- «Селтик» өз алаңында көп гол соғады, «Астана» бұған дайын ба?

- «Астана» Еуропада көп ойнаған, тәжірибелі команда. «Селтик» бір мүмкіндігінен-ақ гол соқса, бізде де сырт алаңда гол соға аламыз.

- Таңат Нөсербаевсіз ойнаған қаншалықты ауыр болды?

- Таңаттың кешегі ойынға қатыспауы өкінішті. Бізге оның мінезі мен шеберлігі жетіспеді. Бірақ «Астанада» жақсы ойыншылар көп. Бәрі бір-бірін алмастыра алады. Ал Таңатқа мен денсаулық тілеймін.

- Бас бапкер сізді не үшін алмастырды, шаршап қалдыңыз ба?

- Білмеймін, мұны бас бапкерден сұраңыз. Станимирдің әр шешімін құрметтеймін.

- Өзіңіз соңына дейін ойнауға дайын болдыңыз ба?

- Иә, дайын болдым.

- Кешегі матчқа көп жанкүйер жиналыпты, олардың қолдауын сездіңіз бе?

- Атмосфера - керемет! Жанкүйерлер бірінші минуттап бастап бізді алға жетеледі. Өкініштісі, біз оларды жеңіспен қуанта алмадық.

- «Селтик Парктегі» атмосферадан қорықпайсыз ба?

- Менің жасым 30-да, ештеңеден қорықпаймын. Жанкүйерлерге көңіл аудармай, өз ойынымызды көрсетуіміз қажет.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или