«Ақтөбенің» өз базасы болады
<p style="text-align: justify;">
<strong>Жақын арада ақтөбелік футболшылардың өз базасы болады. Бұл туралы Ақтөбе облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы Ескендірбек Маханов айтты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Жақын арада «Ақтөбенің» өз базасы болады. Бүгінде жұмыс басталып кетті. Футбол клубының базасы замануи болады, 8-12 гектар аймақты алады. Ол базада клубтың жеке қонақүйі, кем дегенде 4 алаң, қалыпқа келтіру залы, медициналық бөлмелер, жалпы заманауи клубқа керек барлық жағдайлар жасалатын болады. Ондай база Қазақстанда тек алматылық «Қайрат» командасында ғана бар», - деді Маханов. </p>
<p>
</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или