Брендан Роджерс: «Қарсыласымызды құрметтейміз»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Селтиктің» бас бапкері Брендан Роджерс «Астанаға» қарсы матч алдында баспасөз-мәслихатын өткізді. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Лестермен» өткен ойындағыдай ертең біздің жігіттер бар күшін салады деген ойдамын. «Астана Аренаның» алаңы біраз алаңдатады. Жаттығуда ойыншыларымнан стадион жайлы сұрадым, олар мұндай алаңда ойнауға дайын екенін айтты. Біз «Астананы» білеміз және құрметтейміз. Олардың физикалық дайындығы өте жақсы. Бірақ біз Астанаға тек жеңіс үшін келдік», - деді Роджерс.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, «Астана»-«Селтик» матчы ертең «Астана Арена» стадионында өтеді. Ойынның басталу уақыты – 20:00.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или