Станимир Стойлов: «Селтик» - фаворит, бірақ біз ешкімнен қорықпаймыз»

«Астананың» бас бапкері Станимир Стойлов «Селтикке» қарсы матч алдында баспасөз-мәслихатын өткізді.

«Ертең ауыр ойын болатынын жақсы түсінеміз. Қорғаныста мұқият ойнау қажет. Өз алаңымзда гол жібермей, кем дегенде бір гол соқсақ – бұл қолайлы нәтиже болмақ. Таңат Нөсербаев жарақатына байланысты бір ай алаңға шықпайды.

«Селтик» үшін де бұл матч өте маңызды. Олардың «Лестер» мен «Барселонаға» қарсы ойындары – бұл жолдастық кездесулер. Бізбен олар өзгеше ойнайды. Бұл команда жайлы менде ақпарат көп. Қалай болатынын ертең көрерміз. «Селтик» өте мықты қарсылас әрі фаворит. Бірақ біз ешкімнен қорықпаймыз», - деді болгариялық маман.

Естеріңізге сала кетсек, ертең Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңнің бірінші матчында «Астана» өз алаңында шотландиялық «Селтикті» қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или