Әлібек Бөлешев: «Команда алдындағы мақсат - еурокубоктарға жолдама алу»

«Оқжетпестің» капитаны Әлібек Бөлешев ProsportKz.kz тілшісіне «Ертіспен» өткен ойын жайлы айтып берді.

- Мақсатымыз өз алаңда жеңіске жету болды. Бірінші айналымды жеңіспен аяқтағымыз келген болатын. Бірақ өкінішке қарай, қолымыздан келмеді. Бас бапкер Владимир Муханов матчтан кейін бәрі жақсы, алдағы ойындарға дайындалу керек деді. Осы айдың 31-і оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Мәскеуге аттанамыз. Қазір 5-6 күн демаламыз.

- Демалысты қай жерде өткізесіз?

- Негізі Смақов және Хайруллинмен төрт күнге Түркияға аттанбақшы болғанбыз. Бірақ бұл елдегі саяси жағдайға байланысты ешқайда бармайтын болдық.

- Чемпионаттың екінші айналымына қандай мақсат қойылды?

- Нақты мақсат әлі қойылған жоқ. Жақында бас бапкеріміз Ақмола облысының әкімімен кездеседі, сол кезде бәрі белгілі болады. Негізі команда алдындағы мақсат - бұл еурокубоктарға жолдама алу. Чемпиондық жайлы айтатын болсақ, мұнда бәрі қиын. Менің ойымша, 70 пайызға - «Астана» чемпион.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или