Кахабер Цхададзе: «Ойыншыларым намысқа тырысып, жеңіске жете алды»

Алматылық «Қайраттың» бас бапкері Кахабер Цхададзе «Таразбен» өткен матч жайлы айтып берді.

- Еуропа лигасының жарыс жолынан шығып қалғанымыз үшін барлықтарыңыздан кешірім сұраймын. Футболшылар барын салды, тырысты. Тель-Авивтегі ауыр кездесуден кейін психологиялық тұрғыда өзімізге келу өте қиын. Бірақ соған қарамастан, жігіттер намысқа тырысып, жеңіске жете алды. Бұған қоса, соңғы төрт ойынды жеңіспен аяқтаған командаға қарсы ойнадық. Максимовтың қол астында «Тараз» жақсы ойын көрсете бастады. Енді, кішкене демалыстан кейін чемпионат пен кубокқа таласты ары қарай жалғастырамыз.

- Орталық қорғаушылардың денсаулықтары қалай?

- Әрқайсысы емделуде. Рудосельскийдің қашан алаңға оралатыны белгісіз. Покатилов шамамен үш апта алаңға шықпайды.

- Асеведо неге алаңға сирек шығып жүр?

- Қазір ойыншылардың бәрі демалысқа шығады, бірақ Асеведо мен Арсо жаттығуларын жалғастырады. Герсон өз бабына келуі қажет. Ол өте керемет футболшы. Біз оған үміт артамыз. Ол алдымен психологиялық проблемасын шешу керек. Қазақстанда ойнау оңай емес. Оған әлі де уақыт керек.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или