Достастық кубогы өз жұмысын тоқтатты

26 жылдық тарихы бар турнир енді ұйымдастырылмайтын болды.

РФ спорт министрі, РФС президенті Виталий Мутко Достастық кубогы турнирінің тоқтатылғаны туралы хабарлады.

Турнир басында жыл сайын ТМД елдерінің чемпиондары арасында өтетін сайыс ретінде ұйымдастырылған. Бірақ уақыт өте келе клубтардың турнирге қызығушылығы басылып, Мәскеуге екінші құрамын жіберіп жүрді.

Турнирдің Сан-Петерборға ауысып, сайыстың жастар құрамасы арасында өтуі қызығушылықты анау айтарлықтай көтере қойған жоқ. Сондықтан 2017 жылы Достастық кубогы өтпейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или