Юрий Өткелбаев: «Біздің голымызды есептемей тастады»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Ақтөбе» ФК бас бапкері Юрий Өткелбаев «Ордабасыға» қарсы ойын туралы өз пікірімен бөлісті. Бұл туралы ақтөбелік клубтың баспасөз-қызметі мәлім етті.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
– Ойын қиын болды. Командаға жасалған қысым да сезілді, бәрі де нәтижені қалайды. Менің ойымша, бірінші тайм жақсы болды. Көп күш жұмсадық, қарсыласпен де, ауа-райының қолайсыздығымен де тайталасамыз деп біраз эмоциямыз да сарқылды. Ойын басында бірнеше мүмкіндігіміз болды, бірақ пайдалана алмадық. Ал екінші таймда есепке қарайлай ойнадық, бұл менің тапсырмам болатын – өзімізді жылдам шабуылдардан қорғау, ойынды жеңілдетіп, қателіктерді мейлінше жасамау еді. Бірінші тайм соңында доп шалшық суға тіреліп қала берді, сондықтан да күтпеген нәтижеден өзімізді сақтандырдық. Ойыншыларым да біз қалағандай әдемі ойнай алмаған болар. Осындай тактика ұстана жүре, біз гол соға да алдық, бірақ ол эпизодты қайталап көру керек. Бәрі де дұрыс жасалған сияқты еді, бірақ біздің голымызды есептемей тастады. Ойын соңында күшіміз де тауысылып, жігіттер бізді қанағаттандырарлық есепке қарайлай ойнады, сөйтіп өзіміз қалаған нәтижеге қол жеткізгіміз келді. Мен футболшыларыма алғыс айтамын, осындай ауа-райына қарамастан, қолдауға келген Жанкүйерлерге де алғыс айтамын. Олар ойын бойы бізді қолдап отырды, біз оларсыз қолайлы нәтижеге жете алмас едік деп ойлаймын.</p>
<p>
</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или