Бақтияр Байсейітов: «Мен Ақтөбені және оның жанкүйерлерін жақсы көремін»
<p style="text-align: justify;">
<strong>«Ордабасы» ФК бас бапкері Бақтияр Байсейітов «Ақтөбеге» қарсы ойын туралы өз пікірімен бөлісті. Бұл туралы ақтөбелік ұжымның ресми сайты мәлім етті.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
– Мен осы қаланы, клубқа берілген Жанкүйерлерді құрметтеймін де жақсы көремін. Олар 5 сағаттап болса да тынбастан өз клубтарына жанкүйерлік етер еді. Олар өз командалары қалай ойнап жатса да, соңына дейін қолдай біледі, әр ойыншының не істей алатындығын жақсы біледі, командалары үшін жандары күйіп-піседі. Бүгін трибунаға қарап мен сүйсіндім. Ал ойынға келер болсақ, біз бүгін жеңіс үшін келдік. Өз жанкүйерлеріміз үшін жеңгіміз келді. Бірақ, ауа-райының да қолайсыздығы ойынға кері әсер етті. Алаңда су добын ойнауға болатын еді. Сөйтіп, тең есеп тіркелді. Әрине, біз бұл есепке қанағаттанамыз. Ал өз ойыншыларыма барын салып ойнағандары үшін алғыс айтамын. Бастысы – жоқ жерден гол жіберіп қоймадық. Ендігі кезекте, алдағы уақытта лайықты ойнап, Шымкент үшін жақсы орын алғымыз келеді.</p>
<p>
</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или