Роман Широков спорттық мансабын аяқтады

Ресей құрамасының бұрыңғы капитан Роман Широков кәсіби мансабымен қош айтысты, деп хабарлайды "Евроспорт".

Сенбі күні футболшының агенті Арсен Минасов «Спорт-Экспресске» берген сұхбатында Роман Широковтың үлкен спорттан кеткені жайлы хабарлаған.

Осыған дейін Мәскеу облысының спорт және денешынықтыру министрі Роман Терюшков футболшымен серіктес болуға келісім бар екенін айтқан болатын. Шенеуніктің сөзіне сүйенетін болсақ, Роман Широков жаңа клуб таба алмаған жағдайда аудандағы спорттың дамуына атсалысады.

Естеріңізге сала кетейік, спорттық мансабында 10 клубта ойнап, үш мәрте Ресей чемпионы, Ресей Кубогы мен екі мәрте Ресей Суперкубогының иегері, УЕФА кубогы мен суперкубогының иегері атанған. Сонымен қатар, Роман Широков 2008 жылы өткен Еуропа чемпионатының қола жүлдегері.

Подробнее:http://vesti.kz/footballrus/223608/

Любое использование материалов сайта допускается только при наличии активной ссылки на Vesti.kz

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или